Home Дүние дүрмек Қайрат Нұртас сотқа тартылды

Қайрат Нұртас сотқа тартылды

93

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас (шын аты-жөні Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылды..

«Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі («Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық») және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті», – деп пікір берді Tengrinews.kz-ке Жоғарғы Сот.

Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.

Сотта қаралатын уақыт туралы қосымша хабарлауға уәде берді.

Алдыңғы жазбаҚазақ тілін білгісі келгендер «Абай жолын» оқығаны жөн!
Келесі жазбаҚазақстанда 285 сейсмикалық станция орнатылады: кешенді жоспар қабылданды