Home Руханият Қазақ тілін білгісі келгендер «Абай жолын» оқығаны жөн!

Қазақ тілін білгісі келгендер «Абай жолын» оқығаны жөн!

186

Бүгінгі  күні қоғамда  тіл  мәселесі  жиі  қозғалады. Бәлкім, бұл  дұрыста  шығар.  Өйткені өз  елінде өгей  баланың   күнін  кешкен  қазақ  тілінің қазіргі  жағдайы кез-келген алаш  баласын  ойландыруы  тиіс. Өкініштісі, көбіне  біз ана  тіліміздің  қаншалықты  бай,  қаншалықты  көркем екенін  әлі  сезіне алмай  жатқан  сияқтымыз.

Бәлкім  қаймана  қазақтың  әр  баласы   мектеп жасында  Ұлы  жазушымыз  Мұхтар Әуезовтың  «Абай  жолы» роман эпопеясын  оқығаны жөн шығар.  Мәселен,  мен 10  сыныпта  оқып  жүргенде «Абай  жолын»  оқып  шықтым. Ұлы  ақынымыздың   өміріне  арналған  романды  өзімше түсіндім,  өзімше  сезіндім. Көшпелі  халықымыздың өзгеше  өміріне,  тірлігіне  тұщындым. Романда ұлтымыздың  мәдениеті,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі, тарихы бәрі орын тепкен. Ұлы  ақын  өмір сүрген кезеңге  еніп кеткендей  ғажайып  бір күй кешесің. Бұл жерде айтқым келгені,   романның  тілі. Біз  бүгін  қолдана  бермейтін қазақтың  нағыз  көркем, бай  тілі сол романда. Кітапты  оқу  арқылы қасаңдана  бастаған  сөздік қорымызды  қайтадан  байытуға  мүмкіндік  бар.  Осы шығармада  Мұхтар Әуезов  17  мың сөз қолданған  екен.  Таңқалатын  дүние емес  пе! Ал, ақиқатын  айтар  болсақ,  қазақ  тілі  әлемдегі  ең  бай  үш  тілдің  біріне  жатады. Сөздік қоры 2,5 миллион  сөзден  тұрады. Мәселен,  Герольд  Бельгер  «орыс, эстон, фламанды қосқанда  қазақ  тілінің  қорына  жетпейді  деп жазғаны  бар. Тіпті әлем  таныған  ғалым шығыстанушы –түрколог В. Радлов «Әлем тілдерінің ішінен тек үш тілдің ұлылығын мойындадым. Ол – орыс, француз және қазақ тілі» деп  қазақтың  тілін  мойындайтынын  келтірген. Демек,  қазақтың  тілі әлемдегі ең  бай һәм көркем  тіл. Ал,  осы  тілде  «Абай жолы»  романы  жазылған. Бүгінгі  жас  ұрпақ  қазақтың тілін  мейлінше көркем  әрі терең  меңгерем  десе, «Абай  жолы»  романын  оқығаны жөн  деп  есептеймін!

Азаматхан  Әміртай «Байтақ» жасылдар  патиясының төрағасы

 

 

 

Алдыңғы жазбаБеларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды
Келесі жазбаҚайрат Нұртас сотқа тартылды