Home Қоғам Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссия құрылды

Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссия құрылды

21

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекітті.

Жарлық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.

Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.

Комиссия құрамына кімдер кірді?

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.

Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы:

  • Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы, төраға
  • Ирғалиев Әсет Арманұлы – Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
  • Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
  • Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының басшысы
  • Жұманғарин Серік Мақашұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі
  • Мәдиев Жаслан Хасенұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
  • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары
  • Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
  • Жазықбай Дархан Медеғалиұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
  • Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасы әділет министрі
  • Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі
  • Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі
  • Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі
  • Ақшолақов Болат Оралұлы – Атырау облысының әкімі
  • Байманов Шахмардан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
  • Есімханов Сұңғат Қуатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, индустрия және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
  • Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
  • Смышляева Екатерина Васильевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
  • Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
  • Мусин Бағдат Батырбекұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
  • Шайымова Айгүл Амантайқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы.
Алдыңғы жазбаҰлт  тарихын  түгендеген  ғалымның қадірін  қашан  білеміз?