Home Дүние дүрмек Шакира 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми әнұранын таныстырды (видео)

Шакира 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми әнұранын таныстырды (видео)

7

Танымал әнші Шакира мансабында үшінші рет әлем чемпионатының ресми әнін орындайды. Әлем жұлдызы «Dai Dai» әнінен үзінді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, колумбиялық әнші Шакира 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына арналған Dai Dai деп аталатын әнін нигериялық музыкант Burna Boy-мен бірлесіп жазды.

«Түсірілім Рио-де-Жанейродағы аты аңызға айналған «Маракана» стадионында өтті. Шакира бұған дейін 2010 және 2014 жылдары Оңтүстік Африка мен Бразилияда өткен әлем чемпионаттарына әндер жазған еді. Сол кезде оның Waka Waka және La La La композициялары турнирлердің ресми әнұранына айналды», — делінген мақалада.

2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде 48 команданың қатысуымен 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Әзірге әнші әннің тек үзіндісін желі қолданушыларының назарына ұсынды, ал толық нұсқасы 14 мамырда шығады.

 

 

Алдыңғы жазбаҚазақстан Үкіметі тамызда доғарысқа кетеді
Келесі жазбаДулат  ИСАБЕКОВ,  жазушы, Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері: Бүгінгі өмірдің шындығын жазатын жазушы керек