Home Басты жазба Қазақ тілі қазақ ұлтының жан жарасына айналды!

Қазақ тілі қазақ ұлтының жан жарасына айналды!

29

Елімізде ана тіліміздің яғни Ата заңға тайға таңба басқандай етіп көрсетілген Мемелкеттік тілдің міне тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан асып кетседе әлі күнге қағажу көріп, өз тұғырына қона алмай жатқанына куә болып отырмыз. Бұл нені білдіреді? Ұлттың әлсіздігі ме, әлде биліктің Мемлекеттік тілге деген керенаулығы ма? Екеуіде бар секілді. Бір ұлт болғанымызбен қазақ тілді, орыс тілді қазақ болып қақ жарылып жататынымыз бар.

Кеше «Магнумға» байланысты дауда, қазақ тілділер «ана тілімізді шеттетті» деп бойкот жариялады. Бұған «жаным» қазақ дейтіндердің барлығы қосылды деуге болады. Ал, қазақ бола тұра, тек орыс тілінде сөйлейтіндер ол бойкотқа немқұрайлы қарағаны белгілі. Иә, «Магнумға» байланысты дау шешіле жатар. Ал, қазақ үшін тіл мәселесі әлі шешілген жоқ. Жан жарасы болып қала береді. Неге? Қазақтың тілі көптеген кәсіпорындарда, өндіріс ошақтарында, ірі ойын-сауық, сауда кешендерінде шетқақпай қалып жатыр. Тіпті көшелердің өзі әлі күнге екі тілде жазылады. Яғни қазақ және орыс тілдерінде. Егерде тек Мемлекеттік тілде жазылса, өзге ұлтардың өзі қазақ тілін амалсыз, мәжбүрлі түрде үйренуге көшер еді. Ал, солтүстік һәм шығыс жақтардағы шаһарларда қоғамдық көліктердегі хабарландырулар тек орыс тілінде айтылады. Бұл қалай? Біз тәуелсіз мемлекет емеспіз бе? Мемленкеттік тілде неге хабарландырылмайды? Тіпті екі тілде болсын. Бірақ Мемлекеттік тілде бірінші айтылуы тиіс! Тіл тәуелсіздігіміздің айғағы, қауіпсіздігіміздің бір бөлшегі. Демек, Мемлекеттік тілді құрметтеу әмәндә бірінші орында тұруы тиіс!

Алдыңғы жазбаҚазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады
Келесі жазбаСауда «соғысы» Әлемді сарсаңға салмақ!