Home Жаңалықтар АҚШ-тағы өзенде айналып тұратын алып мұзды диск пайда болды – Бір үзік

АҚШ-тағы өзенде айналып тұратын алып мұзды диск пайда болды – Бір үзік

52

АҚШ-тағы Мэн штатындағы Уэстбрук қаласында сирек кездесетін табиғи құбылыс – өзенде айналып тұратын алып диска пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Medialeaks порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл ешқандай да арт-нысан, фотошоп немесе арнайы түсірген ракурс емес. Бұл мұзды дисктің диаметрі 90 метрден асады екен.

Ғалымдардың бірі осы айға ұқсас дискті өлшесе, ол әлемдік рекорд болуы мүмкін екенін айтады.

Бұл дискті алғашқылардың бірі болып жергілікті бизнесмен Роб Митчелл байқаған. Ол 25 жылда алғаш рет осындай құбылысты көргенін айтады. Бизнесменнің айтуынша, ол мұны бақылап тұрғанда, дисктің көлемі өзгерген. Таңертең үлкен болса, күндіз кішірейген. Дегенмен ол айналып тұра берген.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҰлдарды шетінен алдап, доп бермей қойған қыз желі жұлдызына айналды – Футбол
Келесі жазбаКешіккен жолаушылар «Аэрофлоттан» 3,6 миллион доллар қайтаруды талап етті – Компаниялар мен банктер