Home Қоғам Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

29

Қазақстанда бірнеше жаңа су қоймасы салынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 4 жаңа су қоймасы салынып, 4 жұмыс істеп тұрған су қоймасы қайта жаңартылады. Сондай-ақ 115 каналға реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде Астана су қоймасын толтыру жобасы да бар.

«Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астанада жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сонымен қатар, Ислам даму банкінің гранты аясында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты елдегі су және өзен бассейндерін зерттеу, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ескерту жүйелерін енгізу мүмкіндігін бағалау және «Қазсушар» кәсіпорнын техникалық жарақтандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Алдыңғы жазбаТрамптың шешімін құптаймыз!
Келесі жазбаҚазақ тілі қазақ ұлтының жан жарасына айналды!