Алмат Салғарин:
Қайтеміз, ХХІ ғасырдағы адамдарға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын қазақ ұлтының мысалында тағы бір еске салмасқа болмайтын сияқты. Мұны басқа халықтардың, олардан кем түспейтін қаһарман ұлттардың ерлігін кемсіту үшін емес, тарихтағы өз орнымызды білу үшін айтып отырмыз.
Сонымен, соғыс басталғаннан кейінгі сегізінші күні фашистер Беларусь астанасы Минскіні басып алды, 22-күні Молдова астанасы Кишинев жау қолына өтті, ал соғыстың 72-күні Киев құлады.
1941 жылғы 30 қыркүйекке қарай Кеңес армиясының саны 5,3 миллион адам болғанымен, олардың 3 миллион 800 мыңы — орыстар, украиндар мен белорустар — немістерге тұтқынға түсті. Миллионнан астам адам қаза тапты.
1941 жылғы қазанда Мәскеуді қорғайтын адам қалмаған еді. Немістер бұзып кірген Мәскеу радиосынан фашистердің даңғаза марштары беріліп жатты. Қалада хаос пен мародерлік белең алды. Шығысқа қарай шығатын жолдар адамдарға, машиналар мен ат арбаларға толып, аяқ алып жүргісіз кептеліске айналды. Орыс офицерлері әскери киімдерін азаматтық киімге ауыстырып, олар да қаладан қашып жатты.
Дәл осы кезде Қазақстаннан Мәскеуді қорғауға Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы, Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы және Семейде құрылған 238-дивизия аттанды.
Мәскеуді қорғау кезінде бұл дивизиялар жеке құрамының 80–95 пайызынан айырылды.
Генерал Афанасий Белобородов өзінің «Ратный подвиг» («Жауынгерлік ерлік») кітабында: «Мәскеуді үш қазақстандық және бір сібірлік дивизия құтқарып қалды», — деп жазады.
Бұл туралы маршал Г. Жуков та өзінің «Воспоминания и размышления» («Естеліктер мен толғаныстар») атты мемуарларында жазған.
Қазақстандағы мобилизация деңгейі Германиядағыдан да жоғары болды.
1943 жылға қарай Қазақстанда қолына қару ұстап, соғысқа аттанатын адам қалмаған еді. Елде негізінен әйелдер мен балалардан құралған, саны 750 мың адамға жеткен еңбек армиясы ғана қалған болатын.
Республика майданға жалпы саны 1 миллион 380 мың адамнан тұратын 18 дивизия, 7 атқыштар бригадасы және 50 полк жіберді.
Ал осы уақытта неміс фашистерінің жағында мынандай әскери құрамалар соғысты:
29-орыс СС дивизиясы «РОНА»;
30-орыс жаяу әскер СС дивизиясы;
генерал Красновтың казак СС корпусы;
генерал Власовтың Ресей азат ету армиясы және тағы басқа «азат етушілер».
Олардың жалпы саны 1,8 миллион адамға жетті.
Ал 1942 жылы Харьковты қорғау кезінде 106-шы қазақ Ақмола дивизиясы түгелдей қырылды. Бірде-бір жауынгер шегінген жоқ, ешкім жауға тұтқынға берілмеді.
Қанды әрі қатыгез Сталинград шайқасында Жеңіс тек қазақ дивизияларының арқасында келді. Олар: 27, 38, 72 және 73-гвардиялық дивизиялар, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз жаяу әскері дивизиясы, 129-миномет полкі және 15-жеке арнайы мотоатқыштар батальоны.
Бұл құрамалардың жеке құрамынан болған шығын 60–70 пайызға жетті.
Сталинград шайқасында полковник Ғани Сафиуллин басқарған 38-дивизия ерекше ерлігімен көзге түсті. Ол 300 мыңдық неміс әскерін қоршауға алып, ақыры тізе бүктірді.
Сталинград шайқасындағы қазақ ұлтының үлесі туралы шындықты Сталиннің өзі табу еткен. Ал бұл тақырыпқа қатысты Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіндегі (ЦАМО) құжаттарға қол жеткізу әлі күнге дейін жабық.
Ленинградты 48, 310, 314 және 372-қазақ атқыштар дивизиялары қорғады.
Қаланы қорғау кезінде бөлімше командирі, аға сержант Сұлтан Баймағамбетов башқұрт Александр Матросовтың (шын есімі — Шакирьян Мұхамедьянов) ерлігін қайталап, жау дзотын кеудесімен жапты.
Балтық флотында 1570 қазақ теңізшісі соғысты. Тек «Киров» крейсерінің өзінде 156 қазақ қызмет етті.
Балтық флотының қолбасшысы адмирал В. Трибуц қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығына тәнті болып, Қазақстан халқына ашық хат жолдады:
«Қазақ халқының ұлдары Ленинградты, біздің сүйікті теңіз астанамызды қорғау жолында шаршамай-талмай, шабуылға әрдайым алдыңғы сапта шығады. Қазақстанның аналары, ұлдарыңыздың ерлігі мен батылдығы үшін сіздерге бас иемін!»
Курск шайқасына жалпы саны 96 768 адамнан тұратын төрт қазақ дивизиясы қатысты.
73-гвардиялық дивизия Вермахттың екі танк және екі жаяу әскер дивизиясын жойып жіберді. Бірде-бір жауынгер шегінген жоқ.
Курск шайқасында соғыс тарихындағы төрт қазақ қызына тиесілі жалғыз әйелдер танк экипажы қаза тапты. Олардың төртеуі де Қарағанды қаласынан еді. Бірақ кеңестік, одан кейінгі ресейлік насихат бұл туралы күні бүгінге дейін үнсіз. Сол сияқты 1945 жылғы 25 сәуірде барлау ротасының командирі Айтқали Әлібеков кеңес әскерлері арасынан Эльба өзенінде америкалық одақтастармен алғаш болып кездескені туралы да айтылмайды. Алайда әлемдік ақпарат агенттіктері мен тарихта бұл оқиғаның алғашқы қатысушысы ретінде ақсары шашты славян Г. Голобородьконың есімі жазылып қалды.
1945 жылғы 29 сәуірде аға лейтенант Қайырбек Мәденов кеңес жауынгерлерінің арасынан бірінші болып Берлиндегі ең биік ғимарат — Ратушаның күмбезіне Қызыл туды тікті. Оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынғанымен, Кремль бұл ұсынысты қабылдамады.
1945 жылғы 30 сәуірде неміс Рейхстагының үстіне Жеңіс туын алғаш болып лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен татар жауынгері Григорий Булатов тікті. Алайда қолбасшылық оларды Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынғанымен, Кремль бұл ұсынысты қабылдамады. Оған себеп ретінде тудың стандартты үлгіге сәйкес келмегені айтылды.
Қазақ ұлты Кеңес Одағына 112 Батыр берді. Ал Кеңес Одағының Батыры атағын беруге жасалған 130-дан астам ұсыныс қабылданбады.
Енді Қазақстан болмаса, Кеңес Одағы Германиямен соғыста жүз пайыз жеңіліске ұшырайтынын түсінбейтін барлық орыс шовинистеріне мынаны ескертемін.
Қазақстан КСРО құрамында болмағанда, Кеңес Одағының Германияны жеңу мүмкіндігі болмас еді. Оның себептері мынадай:
Әрбір он оқтың сегізі Қазақстанда өндірілген қорғасын мен жезден жасалды.
Әрбір он литр дизель отынының сегіз литрі Қазақстанда өндірілді.
Барлық әскери зауыттар Қарағанды көмірімен жылытылды.
Шинельдер мен тондардың 90 пайызы, ал солдат аяқкиімінің 95 пайызы Қазақстан шикізатынан өндірілді.
Ондай жағдайда орыстардың, украиндардың, белорустардың және КСРО-ның басқа да халықтарының тарихы мүлде басқаша өрбіген болар еді.
Ал бүгін рашистер Қазақстаннан нацистер іздеп жүр.
Міне, мұны ұлттық мінезге тән қасиет — орыстарша алғыс айту деп атайды!
Қуаныш Еділхантегі (ФБ парақшасынан)

































