Home Дүние дүрмек «200 мың еуро»

«200 мың еуро»

58

Актер Тәуекел Мүсілім осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден үй алған болатын. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында сәуір айының аяғында Түркияға көшетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Сәуір айының соңында Түркияға барамыз. Пәтерімізді аламыз. Одан бөлек отбасымен демаламыз. Одан кейін Түркия елінде әрекет жасаймыз. Заттарды Алматыдағы үйде қалдырамыз. Ал Түркиядағы үйге жаңа дүниелер алып, жайғастырамыз. Шетелдегі үйді таза, құрылыс жұмысы толық аяқталған күйде береді. Біз тек жиһаздарды аламыз. Түркиядағы үйді 2-3 жыл бұрын алдық. Ол кезде баға басқаша болды. Қазір ол үйдің нарықтағы бағасы 200 мың еуроға жетеді. Біз соның жарты бағасына алдық. Ол жақта заң өзгеріп жатыр. Қазір үйдің бағасы 200 мың еуродан жоғары болса, тұрақты тұруға мүмкіндік береді. Ал біздің үйдің бағасы одан арзан болғандықтан, 90 күн боламыз. Сосын ары қарай тағы да ұзартамыз. Рұқсат бермесе, қайта елге келеміз немесе басқа елге барамыз», – деді Тәуекел Мүсілім.

Алдыңғы жазбаРизабек Айтмұхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Келесі жазбаҚазақстандағы су тасқыны: ҚМА үш қылмыстық істі тергеп жатыр