Home Қоғам Қазақстандағы су тасқыны: ҚМА үш қылмыстық істі тергеп жатыр

Қазақстандағы су тасқыны: ҚМА үш қылмыстық істі тергеп жатыр

252

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның үш облысында ірі көлемдегі су тасқынына байланысты тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Әлібек Абдилов мәлімдед.

Селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуі тиіс мердігерлерге қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Осылайша, су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс болатын.

Атап айтқанда, Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімге келген мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. ЖШС «Ақсай өзені алабындағы селді ұстау бөгетінің құрылысы» жобасын жүзеге асырған.

«ЖШС-нің жауапты тұлғалары бір топ тұлғалардың алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 775 миллион теңгеден асады», – деді Әлібек Абдилов ОКҚ-де өткен брифингте.

Ақтөбе облысындағы Мағаджан бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты қызметтік міндеттеріне адалдық танытпай, ауыр зардаптарға әкеп соқтыру дерегі бойынша кезекті соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілгені анықталды. Алайда, ЖШС бөгетті күтіп ұстау бойынша өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған.

«Биылғы 5 сәуірде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Мағаджан бөгеті (су қоймасы) бұзылды. Су тасқыны салдарынан Алғын ауданы Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылдарынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы, Елек және Қарғалы өзендері маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды», – деді ҚМА ресми өкілі.

Ұлытау облысында ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу басталды, ол көктемгі су тасқыны кезінде жақын аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін ұзындығы 2 шақырым Жезді өзеніне санация жүргізу үшін жалпы сомасы 485,5 миллион теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан.

​»Мердігер жоба бойынша жалпы сомасы 282,5 миллион теңге болатын құрылыс-монтаж жұмыстарын іс жүзінде жүргізбей жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған жұмыстар болмағандықтан, қазірдің өзінде 400 миллион теңге аударылған. Салдарынан 26 үйді су басып, 174 адам қауіпсіз жерге көшірілді», – деді Абдилов.

ҚМА соталды тергеулер жалғасып жатқанын атап өтті. Барлық қатысы бар лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алдыңғы жазба«200 мың еуро»
Келесі жазбаДинара МӘЛІК, ақын: Өлеңде менің болмысым бар