Бішкекте еркін күрестен өткен Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегері атанды.
Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, 97 келі салмаққа ауысқан Айтмұхан осы салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновқа финалда есе жіберді.
«Ризабек пен Ахмед осымен екінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов басымдық танытқан. Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол жаңа маусымды олимпиадалық салмақта бастап отыр», делінген хабарламада.
11 сәуірде Бішкекте жерлесіміз Мейрамбек Қартбай жеңіс тұғырына көтеріліп, 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.