Home Жаңалықтар Желіде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео таралды

Желіде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео таралды

60

Әлеуметтік желілерде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды. Видеоға жазылған пікірлерде оқиғаның Алматыдағы балабақшалардың бірінде болғаны айтылады.

Видео Instagram желісіндегі almaty.times парақшасында жарияланды. Онда тәрбиешінің баланың қасына барып, өзіне қарай итеріп, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Кейінірек ол бөлмеге тағы бір баланы алып кеткені көрінеді.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер видеоның зерттеліп жатқанын хабарлады. «Оқиғаның қайда болғаны анықталып жатыр. Кейінірек процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады ІІМ өкілдері.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстанға +32-ге дейін аптап ыстық келе жатыр
Келесі жазба«Борат» фильмін көрген Шарлиз Терон ауруханадан бір-ақ шықты (видео)