Нұр-Сұлтан қаласында «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртайдың ұйымдастыруымен бейбіт митинг өтіп жатыр. Митингде билікке қойылған талаптар мынадай:
➢ 1993 жылғы ҚР Конституциясын негізге ала отырып, Халық комиссиясын құру туралы және Конституциялық реформа жасауға ұсыныс жасау, (2019 жылғы желтоқсан айының аяғына дейін).
➢ Жаңа Конституцияда Жер, жер қойнауы, ресурстар халық меншігі болып жариялансын. Және әрбір азамат шикізат пен басқа да тауарларды сатудан үлес ретінде өз табысын алуы тиіс.
➢ Кез келген маңызды мемлекеттік проблемалар бүкілхалықтық референдум, оның ішінде географиялық атаулардың, қалалардың, астананың және т. б. атауларын қайта атау арқылы халықтың ерік-жігерімен шешілуі тиіс.
➢ Саяси партиялар, бейбіт митингтер және шерулер, референдум, сайлау жайлы, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар және үкіметтік емес ұйымдар құру заңнамаларына өзгерістер енгізу.
➢ Бір палаталық Парламент құру, өйткені дүниежүзінде екі палаталы Парламент федеративті құрамы бар мемлекеттерде құрылады. Парламентке партиялық тізіммен емес,сонымен қатар бір мандатты және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріде қабылдануы керек.
➢ Отандық резиденттерге де, шетелдік резидент еместерге де жер тауар ретінде сатуға толық тыйым салу белгіленсін.
➢ Әр азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін алудың конституциялық құқығын орындау.
➢ Ұлттық қорға тексеру жүргізу. Шенеуніктердің жылжымайтын және жылжымалы мүліктің, әсіресе шетелдік шоттар мен мүліктің негізсіз мөлшерін анықтау.
➢ Оларды Қазақстанға қайтару жөнінде ең қатаң шаралар қабылдау.
➢ Зейнетақы жинақ қорының қаржыларының қолданылуының ашықтығын қамтамасыз етілуі керек.
➢ Заң алдында бәрі тең деген қағидатты орындауды қатаң талап ету.
➢ Атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.
➢ АЭС салуға жол бермеу, оның үстіне әлемнің барлық алдыңғы қатарлы елдері атомнан жаңартылатын энергия түрлеріне көшті.
➢ Құқық қорғау және сот жүйесінде түпкілікті реформалар жүргізу қажет.
➢ Барлық дәрежедегі әкімдер мен судьялар Қазақстан халқымен сайлануы керек.
➢ Халықтың әлеуметтік осал санаттарының жалғыз баспанасына ипотекалық кредиттерді есептен шығару.
➢ Барлық ЕДБ-де ипотекалық пайыздарды жылдық алты пайыздан аспайтын етіп белгілеу.
➢ Жалғыз баспаналары барлар әлеуметтік төмен дәрежедегі категориялары тұрғындардың ипотекалық несиелері жойылсын.
➢ Категориялары әлеуметтік төмен тұрғындарға, көп балалы аналарға жеңілдетілген тұрғын үй берілсін, жетім балаларға тез арада, кезектері он жылдан тосатын үйсіздердің санын көбейтпей.
➢ Саяси тұтқындарға амнистия жариялансын.
➢ Кешегі Арыс қаласындағы болған оқиғаға байланысты мемлекеттік комиссия еліміздегі барлық қару-жарақ және оқ-дәрі қоймаларының қауіпсіздігі тексерілсін.
➢ Атыраудағы Теңіз кешенінде болған оқиға сараптама жасалып. Шетелдік жұмысшыларды тартуды шектеу, жергілікті халықты белсенді жұмысқа орналастыру.