Home Жаңалықтар Қазақстанға +32-ге дейін аптап ыстық келе жатыр

Қазақстанға +32-ге дейін аптап ыстық келе жатыр

36

4-6 мамырда Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасап.

Антициклонға байланысты жауын-шашын тоқтап, күн райы күрт жылынады. 6 мамырда облыстардың көпшілігінде күндіз ауа 23−28°С-қа дейін жылынады.

Елдің оңтүстігі мен орталығында күн 27−32°С-қа дейін ысиды.

4 мамырда оңтүстік-шығыс аймақтың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді – бұл суық атмосфералық фронттың соңғы әсері. 5 мамырда ол жерлерде күн жылына бастайды.

Қазақстанның батыс аймағы бұл кезеңде Еуропадан келген атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Батыста үш күн бойы жаңбыр, жел және найзағай күтілуде.

Алдыңғы жазбаЕнесіне жыр жолдарын арнаған Төреғалидің жұбайына ел сүйсінді (видео)
Келесі жазбаЖеліде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео таралды