Home Жаңалықтар Қазақстандағы тасқыннан кейін су қоймаларында қанша су жиналды?

Қазақстандағы тасқыннан кейін су қоймаларында қанша су жиналды?

67

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су қоймаларына қанша тасқын суы жиналғанын мәлім етті7.

Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналған. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

«Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді», – деді су ресурстары және ирригация министрі.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.

Алдыңғы жазбаЗұлмат жылдардың зұлымдығын көрсететін фильмдер неге жоқ?
Келесі жазбаБҚО-да шығынға ұшыраған 1 200-ге жуық мал басы үшін өтемақы толықтай төленді