Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулезбен ауырғандардың шамамен төрттен бірінде емдеуге келмейтін формасы анықталады, – деп хабарлайды Euronews.
Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды екен. Бұл аурудың белгілері-тұрақты жөтел, шаршау, салмақ жоғалту. Дәрілік заттардың әсеріне төзімділігі өсіп жатқаны айтылады. Global Fund зерттеушілері (ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін ғаламдық қор) аурудың «жаһандық қауіпсіздік үшін апат салдарының ықтимал қаупі» екенін ескертеді. «Туберкулез ауа-тамшы жолымен таралады. Сіз оларды кез келген жерде жұқтырасыз. Сол немесе басқа елдің тұрғындарын жұқтырудың алдын алудың ең жақсы жолы – ол пайда болған жерде туберкулезбен күресу. Өйткені көші-қон процестеріне байланысты әркім ауырып қалуы мүмкін. Елдер үкіметтеріне оянатын уақыт келді», – дейді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.
Kaz.tengrinews.kz.