Адам өз тағдырына, алланың берген несібесіне ырза болуы керек деп жатады. Негізі дұрыс қой. Алайда мен өз тағдырыма риза емес жандардың бірімін. Неге? Өйткені бойым кішкентай яғни тапалмын.
Мектепте оқып жүргенде кейбір мерекелерде қатарға тұрып қаламыз. Сонда ең соңында тұрушы едім. Балалар мені «тәштек» деп мазақтайтын. Жаман болушы едім. Турникке де тартылдым, сәбізде жедім. Бірақ одан бойым өспеді. Армияға да алмады. Сол тәштек күйінде қала бердім. Сол бойымның қораштығынан өмірде есем көп кетті. Студент жылдары талай қызбен жақсы араластым. Өзіме ұнағандарға сөз де айттым. Бірақ солардың барлығы «менде сені ұнатамын. Жақсы жігітсің. Бірақ менің бойым ұзын, сен қысқасың. Қалай өмір сүреміз. Қазір үйленгенмен түбі екеуіміздің ажырасуысызға осы бойларымыз себепші болады. Сондықтан жай дос болып қала берейік» дейтін. Не дейсің оларға. Шындықты айтып тұрса. Сүйтіп талай сүйгендеріме қол жеткізе алмай, оңашада ер азамат болсамда еңкілдеп жылаған сәттерім болды. Бойымның қысқалығы барлық жерде алдымнан шығып отырды. Бойшаң, денелі жігіт-достардың жанында жүргенде өзіңді қор санайды екенсің. Содан болар жиын-тойларға көп бармайтын болғанмын. Уақыт өтіп жатты. Жасым отыз беске келгенде дос-жаран, туған-туыс жиыналып үйінде отырып қалған бір қызға зорлағандай қылып үйлендірді. Бойы құрықтай селтиген біреу. Дәм-тұзымыз жараспады. Жиі жүз шайысып қала бердік. Ол мені «мәстек» деп кекетеді. Мен оны «шланг» деп боқтаймын. Бұдан кейін қандай өмір болсын. Ажырасып кеттік. Құдайға шүкір жақсы жұмысым бар. Жеке үйім, көлігім бар. Сол үйге бір келіншек қана жетіспей тұр. Рас, табиғи қажеттілік болған соң, ара –тұра ақшаға жезөкшелер шақырып демалып тұрамын. Онсыз болмайды ғой. Қашанғы жастық құшақтап ұйықтаймын. Осыдан біраз бұрын, жұмысқа бара жатып бір келіншекпен таныстым. Қол көтеріп тұр екен. Ала кеткенмін. Мінезі ашық екен. Сөйлесіп кеттік. Ажырасқан. Бір қыз, екі ұлы бар екен. Менде өз тағдырымды айттым. Ол өзінікін дегендей. Бір-бірімізді жұбатқандай болдық. Ақыры сол келіншекпен жақсы болып кеттім. Үйленгімде келді. Ол да қарсы емес. Бірақ артындағы үш баласы бөгет болды. Біреудің баласы мені «әке» деп айта қоя ма, кім білсін? Балаларымен пәтер жалдап тұратын бұл келіншек мені алдап үйіме кіріп алып ретін тауып өлтіріп тастап, не болмаса үйден қуып жібере ме деген күдікте көңілімде жоқ емес. Дгенмен, ол келіншек менен бақандай он бес жас кіші әрі бойы сәл ұзын болсада мені қор санап, мінеп жүрген жоқ. «Аға» деп ыздиып тұрады. Төсектеде болып жүрміз. Жаман емес. Ұнайды. Бірде төсекте жатқанда «шыныңды айтшы мен сені төсекте қанағаттандыра аламын ба?» деп сұрадым. Өйткені бұл маған өте маңызды еді. Әлгі «шланг» деп төбелесетін алғашқы әйелім, «сенің бойың қалай кішкентай, «ана жеріңде» сондай кішкентай. Кіріп шыққанын сезбеймін. Түк қанағаттанбаймын. Сенен гөрі өзге еркекпен жатқанды жақсы көремін» деп жыныма тиетін. Сол есіме түсіп сұрап жатқаным ғой. «Шынымды айтсам не дерімді білмей жатырмын» деді Жадыра (келіншектің аты). «Рас бұрынғы күйеуім ірі еді. Ұлы мүшесі де сондай болатын. Соған қатты үйреніп қалыппын. Қатты ләззат алатынмын. Тек көп ішіп кетті. Содан ажырастық. Ал сіздікі ондай емес. Кішкентай. Сондан болар дұрыс қанағаттана алмаймын» деп шындықты айтты. Не дерімді білмей қалдым. Тағыда бойымның кішкентай болғанынан өкіндім. Жылағым келді. Бойыма сай, өзге мүшелерімде кішкентай еді. Не істерімді білмедім. Содан кейін Жадыра мен араласуды сирете бастадым. Өйткені оны жақсы көріп үйленгеніммен, төсекте қанағаттандыра алмасам, ол ертең өзге еркекпен жатып, көзіме шөп салуы әбден мүмкін ғой. Не істесем болады. Кейде әлеумттік желілерде еркектің «әтпүшуін» ұзартатын дәрілер бар деп жатады. Рас па екен? Бірақ жасым қырық бестен асып кетті. Енді ұзара қоймайтын шығар. Білмеймін. Қатты қиналып жүрмін. Біреулер «бойың қысқа болғанмен ойың биік болсын» деп жатады. Бос сөз. Тапал болсаң, бәрінен құр қалады екенсің. Соны түсіндім.
Бұл жазба әлеуметтік желіден, Қасым деген жігіттен алынды. Көшіріп жолдап отырған Төреғали Жомарт