Home Жаңалықтар Тоқаев Армения және Тәжікстан Республикаларының Президенттерімен телефон арқылы сөйлесті – Ел жаңалықтары

Тоқаев Армения және Тәжікстан Республикаларының Президенттерімен телефон арқылы сөйлесті – Ел жаңалықтары

49

Армения мен Тәжікстан Президенттері және Грузияның премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Армения Президенті Армен Саркисян мен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзара тиімді ынтымақтастықты дамудың саяси бағыты өзгермейтінін айтты. Оған қоса олар Президентке жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.  

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения және Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сондай-ақ, Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚХЛ. «Барыс» және «Авангард» арасындағы ойынды қайдан тамашалауға болады – Хоккей
Келесі жазбаҚазақстанға қарсы болатын ойында Ресей құрамасының үздік ойыншысы алаңға шықпайды – Футбол