Самара облысы бойынша Ресей ІІМ ММ Мемлекеттік автоинспекция басқармасының бастығы Юрий Некрасовтың айтуынша, апат 8 сәуірде Кинель ауданында сағат 1:00 шамасында болған.
«Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жинаған материалдарының ішінен алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші SCANIA автобусын басқарып, «Орал – Муханово» автожолының 26 шақырымында жоғары жылдамдықпен жол жиегіне шығып кеткен.», – деді Некрасов.
Нәтижесінде, екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы 10 адам медициналық мекемеге жеткізілген.
Спикердің айтуынша, автобус Қазақстанда тіркелген. Ол Өзбекстан азаматтарын тасымалдайтын. Болжам бойынша, автобустың бағыты Шымкент-Нижний Новгород.
Осыған ұқсас оқиға 2024 жылдың наурыз айында да болған. Шымкенттен Новосібірге баратын жолаушылар автобусы Ресейдегі тас жолда аударылып кеткен.