Home Дарабоз Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

62
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында басталған Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Назым Қызайбай бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен Назым бірінші айналымда словакиялық Николь Дуриковадан басым түсті. Қызайбай кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Содан соң, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс Назым Қызайбайға берілді.

Айта кетелік, Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестірілуде.

Алдыңғы жазбаДимаштың концертінде тосын сый жасалды
Келесі жазба«Жүз жылдық жалғыздық»