Home Дүние дүрмек Димаштың концертінде тосын сый жасалды

Димаштың концертінде тосын сый жасалды

90
Шетелде үлкен концерт беріп, туған күнін атап өткен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде тағы бір видеомен бөлісті.

Әнші 25 мамырда Instagram-дағы парақшасында Ыстамбұлда (Түркия) өткен концертінен түсірілген видеоларды жариялады. Видеода әлемнің түрлі елдерінен жиналған мыңдаған жанкүйерлер «Махаббат Бер Маған Тағдыр» әнін шырқады. Димаштың өзі болса, оларға сахнадан қолдау беріп иығына Қазақстан туын жамылып тұрды.

«Рақмет. Бұл таңғажайып түн болды. Рақмет, қымбаттыларым», – деп жазды Димаш Құдайберген желіде.

Димаштың ресми сайтында атап көрсетілгендей, бұл ерекше кездесу 24 мамырда Ыстамбұлдағы үлкен «Бешикташ» стадионында өтті.

Алдыңғы жазбаМаңқыстаудағы төбелес
Келесі жазбаНазым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді