Home Жаңалықтар Павлодарда жедел жәрдемге шабуыл жасаудың мән-жайы анықталды – Тосын жай

Павлодарда жедел жәрдемге шабуыл жасаудың мән-жайы анықталды – Тосын жай

28

Павлодарда жедел жәрдемге шабуыл жасаудың мән-жайы анықталды, – деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі. 

Соққы көрген жедел жәрдем дәрігерлері қаскөйге қарсы арыз беруден бас тартты және оған ешқандай наразылығы жоқтарын айтады. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. Алайда ер адам бұзақылық әрекеті үшін қалайда жауап беретін болады. 

«Жедел жәрдем қызметкерлерін ұрып-соғу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады», – деді Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары. Сонымен қатар, полицейлер оқиғаның мән-жайы туралы да айтып берді. 

«Абрикосовая көшесіндегі жеке үйлердің бірінде, жедел жәрдем қызметкерлері көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша патруль жіберілді. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері дене қызуы көтерілген үш жасар балаға көмекке келгені анықталды. Балаға медициналық көмек көрсетілді, жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауруханаға жатқызу керектігі туралы айтқан. Бірақ баланың анасы одан бас тартқан. Осы кезде»жедел жәрдем көлігі осы мекен-жайдан шыға бергенде, қайтадан қоңырау түсіп, дәрігерлер сол үйге қайтып барған. Дәрігерлер қайтып келген уақытта баланың әкесі дөрекі сөйлеп, жұдырық ала жүгірген», – деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары. 

Полиция өкілдерінің айтуынша, медициналық қызметкерлер ер адамға қатысты наразылығы жоғын мәлімдеген. Арыз жазудан бас тартқан. Дәрігерлер ер адамның жары жүкті әрі кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты арызданбаған. 

Айта кетейік, оқиға ақпанның 7-нен 8-не қараған түні болды. Баланың әкесі дәрігерлер бригадасына жұдырық ала жүгірген. Оқиға салдарынан 25 жастағы фельдшер мен санитарлық қызметкер жабық түрде бас сүйек миын зақымдаған, миы шайқалған және беттері сырылған. Зардап шеккендер травматология бөлімінен жеткізілген, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазіргі уақытта олар амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБауыржан Байбек Республика сарайында алматылықтар алдында есеп береді – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАлматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды: Қар еруі мүмкін – Ел жаңалықтары