12 мамырға қараған түні Швецияның Мальмө қаласында «Евровидение-2024» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіс 591 ұпай жинаған швейцариялық әнші Nemo-ға бұйырды. Осылайша, Швейцария үшінші рет «Евровидениенің» жеңімпазы атанды.
Бұған дейін бұл елден 1956 жылы Лиз Ассиа және 1988 жылы Селин Дион жеңіске жеткен еді.
Екінші орынды Хорватия, үшінші орынды украиналық Alyona Alyonа & Jerry Heil дуэті иеленді.
Сурет: instagram/eurovision
Швейцариялық әртіс жеңімпазға тиесілі трофейді алғаннан кейін оны абайсызда сындырып та алды. Ол жүлдені жерге қойғанда, екіге бөлініп қалды.