Home Қоғам Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды

Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды

21

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізімін айтты.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы (Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Алматы және Жетісу облысы – еск.ред.).

Бұл ретте, 30 қазанда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелген Қарағанды облысы, сондай-ақ 27 шілдеде сейсмикалық оқиға болған Қостанай облысы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізіміне кірмейді.

ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының» мәліметтері бойынша, 1965 жылдан бастап бұл аймақтарда 9-дан аспайтын шағын энергетикалық класы бар жүздеген оқиғалар тіркелген. Ерекше жағдай 2003 жылы болды, 11.2 класы. Бірақ бұл жер сілкіністері бұл аймақ үшін «фондық». Олар қауіп төндірмейді. Бұл табиғи құбылыс, геологиялық процесс жүріп жатыр. Бұл аймақтар үшін энергетикалық класы 8 және 9 болатын жер сілкінісі фондық, ал кіші класс одан да жиі тіркеледі. Олар сезілмейді, оларды сейсмикалық датчиктер тіркейді», – деп түсіндірді ТЖМ.

Алдыңғы жазбаДональд Трамп: «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!» 
Келесі жазбаТоқаев Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындады