Home Дүние дүрмек Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер құны қанша?

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер құны қанша?

86
Mandatory Credit: Photo by MediaPunch/REX (4366030f) Jennifer Lopez Jennifer Lopez in concert at The Colosseum at Caesars Palace, Las Vegas, America - 31 Dec 2014

Алматыда әлемге әйгілі жұлдыз – Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Бұл көптен күткен музыкалық оқиғалардың бірі болмақ. Ұйымдастырушылар залдың схемасы мен билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, билеттер бағасы таңдалған секторға байланысты 40 000 теңгеден 180 000 теңгеге дейін болады:

  • VIP standing (сахнаның алдындағы жасыл аймақ) – 180 000 теңге;
  • FAN ZONE (сахна маңындағы қызғылт сары аймақ) – 120 000 теңге;
  • DANCE FLOOR (фан-зонаның артындағы қызғылт аймақ) – 90 000 теңге.

Залда орналасқан стационарлық орындар келесі баға санаттарына бөлінген:

  • 160 000 теңге – 2, 3, 4, 5, 36-секторлар (сахнаға қарама-қарсы);
  • 120 000 теңге – 6, 7, 11, 12, 13, 34, 35-секторлар;
  • 100 000 теңге – 32, 33, 46, 47-секторлар;
  • 90 000 теңге – 14, 44, 45-секторлар;
  • 80 000 теңге – 8, 9, 30, 31-секторлар;
  • 60 000 теңге – 15, 16, 19, 20, 40, 41, 42, 43-секторлар;
  • 40 000 теңге – 18–28-секторлар (жанындағы және алыс қатарлар).

Ұйымдастырушылар барлық билет бағасына 10 пайыз сервис алымы қосылатынын ескертеді.

Сондай-ақ билет сатылымы басталғанда үздік орындарды алу үшін қай сектордан алғыңыз келетінін алдын ала шешіп қою ұсынылады.

Алдыңғы жазбаҚұрбан айт 2025: ҚМДБ ферма иелеріне малдың бағасына қатысты үндеу жасады
Келесі жазбаТарихқа деген көзқарас саяси ахуалдың ықпалында кетпеуге тиіс