Home Жаңалықтар Қазақтың құны қанша?

Қазақтың құны қанша?

38

Мына кәллаға «Қазіргі қоғамда адамның құны қанша екен?» деген қызық бір ой келді. Сосын, арғы-бергі мәліметтерді тексеріп көрдім. Өйткені Ата Заңымыздың өзінде осы мәселеге «адам – мемлекетіміздің ең басты және негізгі капиталы»- деп үстірт болсын жазылыпты. «Үстірт» дейтін себебім – әлгі маңызды капиталды бағалау тетіктері қарастырылмаған. Бұрын қандай болып еді? Қасым ханның Жарғысында «Ер адамның құны – 100 түйеге тең» делінген екен. Қазіргі баға бойынша бір түйенің құны шамамен 500 мың теңге. Яғни, орташа есеппен, бір кісінің құны 50 миллион теңге тұрған. Ал Есім ханның тұсында ер адамның жас-кәрісіне, бай-кедейлігіне қарамастан «100 жылқы, 6 жақсы» деп белгіленіпті. Ол да әлгіндей шама. Әйел адамның құны ердің құнының жартысына теңестірілген. Біздің дәуірімізге дейінгі 1760-жылдары Вавилонда билік құрған Хамураппидің заңы да осыған ұқсас. Дәулетті адамның өмірі үшін, қылмыскер өлім жазасына кесілген. Ал орта деңгейдегі кісі үшін құн төлеген. Орта ғасырда Ұлыбританияда дәулетті кісінің құны 1,5 мың, шаруаның құны 100, батырақтың құны 40-60 шиллингтен аспаған. Исламда кісі өлтіруді «қасақана және абайсызда» деп екіге бөліп қарастырыпты. «Абайсызда» өлтірілген кісінің құны 31 келі күміске тең болған.
Кейінгі уақытта адамның өмірін бойындағы химиялық құрамына байланысты немесе донорлық органдардың нарықтағы бағасы бойынша бағалаудың небір түрі шығыпты. Ол пәледен Алла сақтасын! Ал қазіргі кісінің құны қанша тұрады?
Оны айқындауға қазіргі капиталистік қоғамның адам еңбегін бағалау формуласымен келген анағұрлым дұрыс секілді. Мысалы, менің қолыма алатын айлық жалақым 181, 500 теңге делік. Яғни, бұл менің – бір айда, яғни, 22 күн бойы 8 сағаттан істеген жұмысыма төленген қаржы. Бос уақытымдағы табысым да осының ішіне кіреді. Сондықтан, алдымен менің бір сағаттық құнымды шығарайық. Ол үшін 22 күнді 8 сағатқа көбейтеміз. Одан 176 сағат шығады. Бұл бір айдағы жұмыс сағатым. Енді бос күндерімді қосайық. Бір айда 30 күн бар. Оны 24 сағатқа көбейтейік. 720 сағат. 720 сағатты енді айлық табысыма, 181 мың 500 теңгеге бөлейік. Сонда, менің бір сағаттық өмірімнің құны 3 теңге 96 тиын болып шығады екен…
Басқа қазақтың да құны осы шамалас шығар. Ау, сонда мұндай капиталмен «дамыған 30 мемлекеттің қатарында» қалай тұрмақпыз? Аналар бізді 8 теңге төлеп, құлдыққа әкетіп қалмай ма?)))))

 (Тоқтар  Жақаштың  фейсбуктағы  парақшасынан алынды)

 

Алдыңғы жазбаПолицейлер жаңа формаға көшпек
Келесі жазба«АҚСҮЙЕКТЕРГЕ»  АРНАЛҒАН «АҚ МОЛА»