Home Жаңалықтар Қазақстанда енді кредиттік каникул беріле ме?

Қазақстанда енді кредиттік каникул беріле ме?

54

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәжілісте елде коронавирус салдарынан төтенше жағдай енгізілген кезеңде бизнесті қолдау шаралары қарастырыла ма, деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Үкімет шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шаралары бойынша жұмыс жүргізуде. Президент сондай тапсырма берді. Қандай шаралар ұсынылғаны алдағы уақытта хабарланады. Қазір олар пысықталуда, – деді Мәдиев.

Сонымен бірге, спикерге кәсіпкерлерге арналған несиелік демалыс туралы сұрақ қойылды, бірақ вице-министр тікелей жауаптан жалтарып кетті.

«Қазір қалыптасқан күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылуда», – деп қайталай салды ол.

Оның айтуынша, келтірілген залалды анықтау үшін «қазір барлық есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленуде».

«Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді», – деп еске салды вице-министр.

Алдыңғы жазбаЕліміздің халықаралық резервтері 90 млрд долларға жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев
Келесі жазбаКоронавирус: Қазақстанда 10-науқас тіркелді