Home Жаңалықтар Батыс Қазақстандағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Батыс Қазақстандағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

46

Батыс Қазақстан облысында атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер айтып берді, – деп хабарлайды tazael.kz тілшісі «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, атыс кезінде зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген. Барлық пациенттердің жағдайы бірқалыпты.

Оқ жарақатымен түскен 1989 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Қару жарақатымен түскен 1964 жылы туған әйел Сырым аудандық ауруханасына жатқызылды. Атыс қаруынан жарақат алған 2021 жылы туған қыз анасымен бірге Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Аралтөбе кентінде ер адам аңшылық мылтықтан бірге ішімдік ішкен досын атып тастаған еді. Оқтың ұшқан бөлшектері өтіп бара жатқан адамдарға, олардың арасында жас қызға түген.

Алдыңғы жазбаМӘМС деген халықты тонау
Келесі жазбаШеттегі қазақтың жайын ойлайтын күн туды!