МӘМС төлейтін адам, неге ақылы анализ тапсырып емделу керек?? Олай болса, халық несіне МӘМС төлеп жүр?
Жеке өз қалталарын толтырғаннан басқа, мәмстеріңнің халыққа, медицинаның дамуына бір түйір пайдасы тимеді.
Келінім Қымбат жақында босанған. Какой-то перевязканы неге оған ақылы жасайсыңдар? Оның жылдар бойы төлеген МӘМСі бір перевязка жасатуға жарамай ма? (әрине, ай сайын одан басқа да міндетті салықтың бәрін төлейді…)
Үйге келген соң он күннен кейін шақалақта билирубин көтеріліп кеткен деп, 2-ші роддомға жатқызды. (Саяхат жақта, Сағат Әшімбаев көшесінде).
Келінім декретке дейін жақсы жұмыс істеді, ай сайын жақсы МӘМС төледі.
деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
МӘМСті жеке адам айлығынан бір төлейді, ол аздай, сол мекеме әр қызметкеріне МӘМС деп тағы төлейді. Егер адам 2-3 жерде жұмыс істесе, сол 2-3 айлығынан да МӘМС ұсталады және сол 2-3 мекеме де МӘМС аударады.
Бұл не деген оңбағандық? Халықты осыншама тонап отырған бұл не деген САЛЫҚ? Осындай бассыздықтарға жол беріп отырған бұл не қылған ЗАҢ?
Мысалы, менің жұмыс істемей тұрған, табысы нөл ИПым бар делік. Бірақ мен бір мекемеде айлыққа жұмыс істеймін. Сонда мен ИПсы бар жеке кәсіпкер ретінде МӘМС төлеуім керек, одан бөлек негізгі жұмыстағы айлығымнан МӘМС төлеуім керек, сол мекеме мен үшін тағы МӘМС төлеуі керек.
Бірақ мен ауыра қалсам, емханадағы талон мен кезекті апталап күтіп, ақырында ақылы емге жүгінуім керек немесе өлуім керек. Солай ма? Бұл сұмдық емес пе?
журналистің Фейсбук парақшасынан.