Home Жаңалықтар Атырау-Орал трассасының 71-шақырымында жол үстімен су өтіп жатыр

Атырау-Орал трассасының 71-шақырымында жол үстімен су өтіп жатыр

32

Атырау-Орал трассасының 71-шақырымында жол үстімен су өтіп жатыр.

Атырау облысы жедел штабының ақпаратына сүйенсек, жолдың бұл тұсы Махамбет ауданының аумағымен өтеді. Жол мен Жайық өзенінің аралығы шамамен 6-7 шақырым.

«Махамбет және Ақтоғай ауылдарының аралығындағы жол бойына мол су жиналды. Соған байланысты кешкі сағат 21:05-те арнайы техникалармен Атырау-Орал трассасының 71-шақырымы тұсында жасақталған бөгетті ашу жұмысы басталды. Жайылымдық алқаптағы су батыс жағына жіберіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Алдыңғы жазбаБҚО-да мердігер топырақты заңсыз қазып алып, 2,9 млн теңге залал келтірген
Келесі жазбаБҚО-да тарихи Хан ордасы ауылына апаратын жол салынады