Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданы прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша жол жөндеуге топырақтың заңсыз алынғанын анықтады.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қалдығайты және Қарақамыс ауылдарының ішкі жолдарын күрделі жөндеу барысында мердігер елді мекен маңынан 8 200 тонна топырақты уәкілетті органның рұқсатынсыз заңсыз қазып алған.
«Келтірілген шығын көлемі 2 млн 900 мың теңгеден асты. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша жосықсыз мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал толық көлемде өндірілді», – деп хабарлады ведомстводан.