Home Жаңалықтар АҚШ Конгресі Голодоморды геноцид деп таныды

АҚШ Конгресі Голодоморды геноцид деп таныды

41

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Украинадағы 1932-1933 жылдары болған ашаршылық – Голодоморды геноцид деп танитын қарар қабылдады. Бұл туралы Украинаның Вашингтондағы елшілігі хабарлады. Голодоморды геноцид деп танитын құжатты 3 қазан күні АҚШ сенаты да қабылдаған.
Қарарда украиндарға қарсы геноцидті Иосиф Сталин мен сол кездегі партия басшылығы ұйымдастырғаны айтылады. Құжатта сонымен қатар совет билігінің украин халқына қарсы саясаты айыпталады. Конгресмендер пікірінше, совет билігі украиндардың өз тағдырын өзі анықтау құқығы мен сөз бостандығын шектеген.
Украина президенті Петр Порошенко құжатты «украиналықтар ондаған жыл күткен тарихи шешім» деп атады.
2017 жылдан бері Украина мен басқа да елдерде Голодоморға 85 жыл толғанына байланысты еске алу шаралары өтіп жатыр. 2006 жылы Украина Голодоморды ресми түрде украин халқына қарсы жасалған геноцид деп таныған. Әлемде 20-ға тарта мемлекет, оның ішінде Польша, Канада, Австралия мен Грузия Украинадағы Голодоморды геноцид деп таныды.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Украинадағы Голодоморды геноцидке теңеуді айыптап, ашаршылықты «ССРО халықтарына ортақ қасірет» деп атаған. Ресей билігінің ұстанымы бойынша, Украинадағы ашаршылықты сол кезеңде СССР-дің басқа да аймақтарында болған ашаршылықтан бөліп қарастыруға болмайды.

Алдыңғы жазбаАнкараның көздегені не?
Келесі жазбаБиыл Қазақстанға 500 мыңға жуық тәжікстандық келген