Home Жаңалықтар Анкараның көздегені не?

Анкараның көздегені не?

26

Түркия Қара  теңіз  жағалауына  әскери  база  салуға  кірісті. Мұндағы  көздеген  мақсат не? Әлде осы  тұстан әлдебір  қауіптің лебі  есе  ме? Әзірге  Анкара  әскери  база  жөнінде мәлімдеме  жасай  қойған  жоқ. Бірақ  құрылыс  басталып кетті  деп  жазады NTV  телеарнасы. Қысқасы  түрік  әскери  кемелері  тұратын  жаңа  теңіз  базасы Трабзон қаласының  маңында,  Грузия  шекарасынан   250  шақырым  жерде. Базада 400 ден  астам матростар  мен  офицерлер  және 200 тақау жұмысшы  мамандар  тұрмақ. Бұл  түріктердің  Қара  теңіз  жағалауында  ашып  отырған  екінші  әскери  теңіз  базасы. Алғашқысы Қараданиз Эргелі.  Жалпы бұл   жаңа  база Түркияның  Қара  теңіздегі   әскери  флотының  күшейуіне  һәм теңіздің шығыс жағалауын  бақылауға  алуына  себепші  болмақ.   Осыдан  сәл  бұрын түрік  ақпарат  құралдары Анкара Кипрдың Түркияға  қараған солтүстік  өңірінде тағы бір әскери-теңіз  базасын  жедел  салуға  кіріскелі  жатқанын  жазған  еді. Сондай-ақ, Түрік әскери  ұшақтары пайдалану  үшін, сол  жердегі әуежайды  қалпына келтіруді  де жоспарлап  жатқанын  хабарлаған. Жалпы  соңғы  жылдары  Түркия әскерін жаңа  қару-жарақпен  жарақтандырып,  жер-жерде әскери  базаларын  ашуға  тырысып  жатыр. Неге?  Ең  басты  себеп, осы  елдің  айналасында  болып  жатқан  саяси ойындар, әскери  қақтығыстар. АҚШ,  Ресей, Франция  секілді  мемелкеттердің  Сириядағы  соғысты  желеу етіп,  аймаққа  сыналай  енуі, осы  жерде  бекіп қалуға  тырысуы, Түркияның алаңдауына  себепші  болып отыр. Өйткені   Анкара аймақтағы басты ойыншының  бірі.  Демек өзінің ықпалы  жүріп  тұрған  өңірге өзгелердің  бас тығуы, Анкараға  ұнай  қоймасы  анық. Демек «жау  жоқ  деме,  жар астында»  демекші Түркия  бес  қаруын  сайлап, оқыс  жағдайға  даяр  болу  үшін, әзірлік жүргізіп  жатыр  деуге  болады.

Алдыңғы жазбаГАУҺАР ҚЫЗДЫҢ ҚҰРМАНЖАННАН НЕСІ КЕМ?
Келесі жазбаАҚШ Конгресі Голодоморды геноцид деп таныды