Home Жаңалықтар WhatsApp iPhone смартфондарының қауіпсіздігі үшін жаңа функция енгізді — Ғаламтор

WhatsApp iPhone смартфондарының қауіпсіздігі үшін жаңа функция енгізді — Ғаламтор

240

WhatsApp мессенджері қауіпсіздікті күшейту мақсатында iPhone смартфондарының кейбір модельдеріне жаңа функциялар енгізді. Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылады, — деп хабарлайды РИА Новости.

«WhatsApp-та хабарламалардың қауіпсіздігіне назар аударып, қосымшаны одан да қауіпсіз етудің жаңа әдістерін іздейміз. … Сондықтан бүгін біз iPhone смартфондарына арналған Touch ID және Face ID функцияларын ұсынамыз. Бұл сіздердің аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тағы бір деңгейге жоғарылатады», — делінген компанияның блогында.

Осылайша, компания өкілдерінің айтуынша, бөтен біреу WhatsApp қосымшасына кіре алмайды.

Жаңа функцияны қосу үшін қосымшаның баптауларына кіріп, «экранды бұғаттау» функциясын таңдап, деректердің құпиялығы параметрлерін жаңарту керек.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚарағандыда патруль көлігі жол апатына ұшырады: Ер адам қаза тапты — Тосын жай
Келесі жазбаҚатерлі ісіктен айығудың жаңа әдісі ойлап табылды — Денсаулық