Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Ғалымжан Қойшыбаев 2016 жылдың наурызында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz