Home Жаңалықтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінің кітапханасымен таныстыру

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінің кітапханасымен таныстыру

186

Ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетіне «Семей қаласының Шәкәрім атындағы универитеті» КЕАҚ-нан біліктілік арттыру курсынан өтуге келген аға оқытушылары Сагитаева Шұға Галиакаровна, Бахтина Тогжан Даулетековна, Сакибаева Сандугаш Рахметолдаевна, Такирова Толкынды физика-техникалық факультетінің бағыт-бағдар берушісі, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Куйкабаева Айжан Амангалиевна университеттің 90 жылдық тарихы бар ғылыми кітапханасына экскурсияға апарды. 

Қонақтарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының директорының міндетін атқарушысы Жадыра Айдынғалиқызы және өз ісінің маманы бас кітапханашы-менеджері Асанова Айсұлу Бейбітқызы қарсы алды. Алматы қаласының ең көрікті аудандарының бірінде орналасқан және «ҚазҰУ қалашығы» деген атпен танымал университет қалашығында салынған кітапхананың жалпы ауданы 17 856,6 м2. Қонақтар 3 сағат уақыттарын бөліп кітапхананың «Мәңгілік ел» триптихы, «Алаш Арыстары» экспозициясы, «Ұлы дала жеті қыры» экспозициясы, электронды кітапхана залы, абономент, классикалық оқу залдары, сирек кездесетін кітаптар залы, конференц-залдар және кітап сақтау қорымен танысып шықты. Кітапхананың барлық бөлімдері, жаңа технологиямен қамтамасыз етілгендігі, студенттерге қолжетімділі мен оқырмандарға жасалған жағдайы қонақтардың қызығушылығын тудырды. Уақытша тіркеліп, өздеріне қажетті ғылыми базалармен Семей қаласында отырып қолдануға мүмкіндік алды.

 

 

Айжан Куйкабаева,

Шолпан Ғұмарова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары.

Алдыңғы жазбаБұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды
Келесі жазбаКаспий Аралдың кебін құша ма?