Home Қоғам Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны өсті: бас прокурор мәлімдеме жасады

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны өсті: бас прокурор мәлімдеме жасады

43

Былтырғымен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 90 пайызға артқан. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Былтырғымен салыстырғанда жолдағы апат саны 90 пайызға өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс болып жатыр», – деп жазды Асылов X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Берік Асылов осыған байланысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырғанын айтты.

«Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым».

Алдыңғы жазбаҚазақстанның жауы бар ма?
Келесі жазбаТоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушыларды марапаттады