Home Басты жазба Каспий Аралдың кебін құша ма?

Каспий Аралдың кебін құша ма?

167

Соңғы  кезде Каспийдің  тартылуы  жағалауда  отырған  бес елді  де  алаңдатып  отырғаны  рас. Тіпті «Аралдың тағдырын құшуы мүмкін» дегенде  ұшқары  пікір  бар.

Әлбетте, суы  балықпен  құсқа, табаны  мен  жағалауы  мұнай  мен газға  аса  бай теңіздің   аман  тұруы  бәрімізге керек. Әгәрәки, Каспий  Аралдың кейпін  құшатын  болса  нағыз әлемдік  апат сонда  болмақ? Ол  үшін  не  істеу керек? Сәл  тарихқа үңілетін  болсақ, өткен  ХХ  ғасырдың 30  жылдарынан  бастап  Каспий теңізінің   тартылуы  тіркелген. 1977 жылға  есепте  теңіз  3  метрге  дейін  төмендеген  екен.  Ал,  1995 жылы  керісінше  3 метрге  қайтадан  толған. Алайда 2005 жылдан  бастап  теңіз қайтадан тартыла  бастаған. Мұны  арнайы  зерттеуге  жүгінбей- ақ Ақтауға  барып,  теңіз  жағлауын  жаяу  араласаң  бірден байқауға  болады.  Теңіз қайтып  бара  жатыр.Бұған  не  себеп?

 Біріншіден, жалпы теңізі деңгейінің ауытқуы климаттың антропогендік өзгерістеге байланысты  екені,  рас. Әсіресе  соңғы  жылдары  Каспий акваториясында  жауын-шашынның аз  түсуіде  судың  кемуіне  үлкен  әсер  етеді. Екіншіден,   Еділмен Жайықтың жәнеде  теңізге  құятын  өзгеде  өзендердегі  судың азаюы. Үшіншіден  белгілі бір  деңгейде  әлемдік жылынудыңда   әсері  бар.   Яғни  бұл  мәселеге  кең түрде келген  жөн.  Әсіресе  Еділмен Жайықтың жоғарғы  жағына  түрлі  су  қоймаларын  салып,  судың  азаюына себепкер  болып  отырған  Ресеймен  мемлекет аралық  келісім  жасалғаны  жөн.  Өйткені  Еділ  өзені  теңізге  құятын  судың  80  пайызын  құрайды. Тағы бір  мәселе,  кезіндегі  КСРО  заманында Сібңр  өзендерін  Орта Азияға  бұру  мәселесі көтеріліп, ондаған  жобалар  жасалғаны  мәлім. Соның ішінде  Обь өзенін  канал  тару арқылы  Каспийге  жеткізу  көзделген  еді.  Алайда  мұның бәрі  қаржының  тапщылығынан кейінге   қалдырылған. Бәлкім  осы  жобаны  қайта  жандандыру керек    шығар. Өйткені  Каспийді  сақтап қалу   басты  мәселе екені  анық.

Сондай-ақ  Каспийдің экологиялық мәселесіде  оңып  тұрғаны  шамалы. Мәселен, Каспийдегі ит балықтардың, өзгеде балықтардың әлсін-әлсін қырылып қалуыда сол теңіздің табанынан мұнай мен газ алып жатқан кәсіпорындардың кінәсі. Жалпы, зерттеулер бойынша теңізде (Каспий) 68 миллиард баррель қара алтын бар көрінеді. Егер де жер шарында мұнай қоры 150 миллиард баррель болатын болса, онда Каспийдің мұнай қоры аз емес. Ал Қазақстанға қарайтын (өзге кен орындарын қоспағанда) бір ғана Шығыс Қашаған кен орнында 7 миллиард тоннаға жуық қара алтын көлкіп жатыр. Сондай-ақ теңіз табанында жатқан газ қоры 8 триллион текше метрді құрайды. Бұл аз десеңіз, әлемдегі бекіре балығының 90 пайызы Каспийді мекен етеді. Осындай мол байлыққа белшесінен батып жатқан теңізіміз бар. Иә, біздің мемлекет үшін ел экономикасын көтеретін мұнай мен газ керек. Бірақ теңізді бүлдірмей, ондағы өсімдік (500 түрі бар) әлеміне және балықтар мен жануарлардың (769 түрі бар) өсіп-өнуіне кесір тигізбей алудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін заманауи технологияларды пайдаланған дұрыс.  Жалпы Каспийді  сақтап  қалу   жаңғалауда  отырған  бес  мемлекеттің  ғана  міндеті емес,  адамзаттың міндеті   болуы  тиіс.  Егерде  Каспий  суы  тартылып  қалатын  болса  әлемдік жылымыққа  һәм әдемдік  экологияға  кесірін  тигізбек.

Азаматхан Әміртай «Байтақ»  жасылдар  партиясының төрағасы

Алдыңғы жазбаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінің кітапханасымен таныстыру
Келесі жазбаСтуденттер «ФудМастер» АҚ өндірісімен танысты