«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікпен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғанын растайды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторында қамауда.
«Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», – дейді Антикор.
Ерлан Қожағапанов мына уақыт аралығында екі рет мәдениет және спорт вице-министрі болды:
- 11.217 – 08.2019
- 04.2021-13.09.2021
Әр жылдары Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуіріне дейін премьер-министрдің кеңесшісі болды.
Айта кетсек, 2024 жылы 29 ақпанда Қаржы мониторингі агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғановтың ұсталғанын хабарлады.
Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталады.