Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) 30 наурызда АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін Гвоздик — Нгумбу бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы — пуэрторикалық 27 жастағы Хосе Лопес (11-1, 9 КО). Жартылай орта салмақта өтетін кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Уәлихановтың салмағы — 141,3 фунт (64,09 келі), Лопестікі — 141,5 (64,1 келі).
Бокс кешінің басты кездесуі — украиналық Александр Гвоздик (16-0, 13 КО) пен француз боксшысы Дуду Нгумбу (38-8, 14 КО) жекпе-жегі.
— Top Rank Boxing (@trboxing) 29 марта 2019 г.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
































