Home Қоғам Жыл сайын 6-7 млрд. доллардан қағылудамыз!

Жыл сайын 6-7 млрд. доллардан қағылудамыз!

42

Бюджет тапшылығы, қаржының жетіспеушілігінен біраз әлеуметтік жобалардың қысқарып қалуы, еліміздегі экономиканың тоқырап тұрғанының белгісі екені анық. Ал, қосымша ақшаны қайдан табуға болады? Өткен жазбаларымызда, триллиондаған теңге я болмаса миллиардтаған долларды қайдан алуға болатынын жазған едік.

Ең бастысы, кезінде шет ел компанияларының ыңғайына орайластырып, өз мүддемізді шетке ысырып қойып, тиімсіз жасалған келісімдерді қайта қарау мәселесі. «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» кеніштеріне байланысты келісімшартарды қайта қарап, өз мүддемізге сай реттеу керегін айтқанбыз. Рас, жақында болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл мәселені президент Қасым – Жомарт Тоқаевта тілге тиек ете кетті. Ендігі сөз Үкіметтен болмақ. «Теңізбен» (ТШО) жасалған келісімнің мерзімі 2033 бітпек. Ары қарай қалай болмақ? Міне, осы мәселені бүгінен бастап қолға алған дұрыс-ау. Жалпы аты аталған үш кенішке Қазақстанда жыл сайын өндірілетін 90 миллион тонна мұнайдың 67 миллионы тиселі. Қалған 30 млн. тонна өзге компаниялардың есебінде. Ал, сол 30 млн. тонна мұнайдың 18 млн. ғана ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өңдеуге жіберіледі. Қалған шикізат күйінде шет ел асады. 67 млн. тонна мұнай өндіріп отырған Қашаған, Қарашығанақ және ТШО-ның мұнайы түгелімен экспортқа кетуде. Келісім бойынша олардан ешқандай салық ұсталмайды. Міне, ең үлкен кемшілік осы жерде. Егерде осылардан экспортқа шығарып отырған мұнайы үшін кедендік салық алынатын болса, жыл сайын бюджетке кем дегенде 6-7 миллиард доллар түсіп отырар еді. Аз қаржы емес. Ұлттық валютаға шаққанда қомақты қаржы болар хақ. Осы мәселені Үкімет қайта қарап, мемлекеттің мүддесіне сай ыңғайластырса жөн болар еді. Сыртқа алақан жайып, қарыз алғаннан гөрі, өзімізде бар дүниені қайта бөліске салып, қаржы табуға болады емес пе!

Азаматхан ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаБіз қандай  еліміз,  өзі?
Келесі жазбаӘскери парад- қажет пе, жоқ па?