Home Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі өзгерді

Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі өзгерді

44

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус бойынша қауіпті елдердің жаңа тізімін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлықта коронавирус инфекциясының Қазақстанда таралуының алдын алу үшін COVID-19 тіркелген елдердің тізіміне өзгеріс енгізілгені жазылған.

Бұл мемлекеттерден келген азаматтар коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларында жазылған емдеу шараларына (медициналық мекемелердегі 14 күндік карантин, үйдегі медициналық бақылау және т.б.) бағынуы керек.

Тізімнің А дәрежесіне ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея енген. Бірінші Б дәрежесінде Италия ғана қалды. Ал екінші Б дәрежесінде Германия мен Испания бар.

Үшінші дәрежеге Гонконг, КХР, Швеция, Жапония, Таиланд, БАЭ, Франция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, САР кірді.

Алдыңғы жазбаКекілбаевтың көз жасы…
Келесі жазбаҚазақстандық файтер үздік нокаут үшін 3,8 миллион теңге алды