Home Басты жазба Әскери парад- қажет пе, жоқ па?

Әскери парад- қажет пе, жоқ па?

46

Мамыр айында  елімізде  әскери  парад  өтпекші. Ұлы  жеңістің   80 жылдығына  арналмақ.  Бұл  үшін 2,5  миллиард (5 млн. $ )  теңге бөлінетіні де  белгілі болды. Десек те,  осы  парадқа  қарсылық  білдіріп  жатқандар  бар.  «Қазақстанда  5  пайыз  соғыс  ардагері   қалды.  Сол  үшін  ақша  шашу  керек  пе?  Тойласа  Ресей  тойласын,  Қазақстанның  ол  соғысқа  еш  қатысы  жоқ»  деген  секілді  уәждар  көп. Ақиқатын айтар  болсақ, бұл айтқыштардың  бәрі  өткен  тарихқа бүгінгі  көзқараспен  қарайтындар.  «Анау да жаман,  мынау да  жаман».  Тарихты  сызып  тастағысы  бар.  Шындығында  бәрі  басқаша. Кеңес елі  «Ұлы  Отан  соғысы»  ал,   өзге  жұрт  «Екінші  Дүниежүзі  соғысы» деп аталған  негізі  кеңес-герман  соғысына  жер  бетіндегі  61  мемлекет  тікелей  һәм  жанама  түрде  қатысты. Яғни  әлем  халқының  80  пайызы  соғысқа шарпылды. 110 миллион  адам  әскерге  шақырылды.  Соғыс  40  мемлекеттің  жерінде  жүрді. Қанды қасапта  55-60  миллион  адам шейіт  болды.  Ал,  ортақ  шығын  4 триллион  доллар көлемінде  деп есептелді.  Ал,  өзімізге келсек,  соғыс алдында  200 мыңға  тарта Қазақстан  (ол  кезде Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республика ( КСР) деп аталдық.  КСРО-ның  құрамында) азаматы  Қызыл  армия  қатарында азаматтық  борышын  өтеп  жатты.  Соғыс  басталғанда майданға  1 миллион 200  мың  боздақ  аттанды.  Соның  600  мыңы   ұрыс  алаңында  қаза  тапты.  Іс-түзсіз кетті. Қаза  болғандар  халықмыздың  11,2  пайызын құрайтын  еді.  Аз  шығын емес. «Соғыстың құны –  қираған  жамбас,  соғыстың  құны  -қураған  мың бас!» -деп  ақындарымыз  бекер  жыралаған жоқ. Бұл  соғыс Ресейдің  соғысы  емес.  Фашизмді  жеңу  үшін  әлем  халқы  қолына  қару  алды.  Күресті. Жеңді. Неге  олай  болса, тек Ресей тойлау керек. Жеңіс  бәріне  ортақ! Тіпті айта  берсек,  сол  тұста тек Қазақстан емес КСРО-ның  құрамында 15 республика  болды. Отан  ортақ,  Идеология  біреу,  Ұран – «Отан үшін!»  еді. Бәрі де «Отан  үшін»  деп майданға  барды. Отқа  оранды,  оққа  ұшты. Не  үшін?  Отан  үшін!  Сондықтан  «бұл  біздің  соғыс  емес»  деген  әңгіме  дұрыс емес. Ол кезде  ортақ  Отанды  қорғау  парыз  тіпті  міндет  болды.  Сондықтан  өткенді  сызып тастай алмаймыз. Ешкім де,  еш  нәрсе де  ұмтылуға  тиіс емес!

 Ал,  елімізде  өтетін әскери  парадқа  келсек,  оны  қолдау керек. Бұл әскери  шерудің астарында  мемлекетіміздің  әскери әлеуеті, айбыны  жатыр. Өзге  жұрт  көрсін,  білсін! Қазақстанның  қандай  күшке  ие екенін! Парадқа  жаңа  қару  түрлерін  алып  шығу керек. Оның өзі өзгелер  үшін  сес  болуы  тиіс!   Жер  бетінен  жойылып кетпес  үшін,  жоғармен  жүз  жыл соғыстық.   Қытай  мен  де,   оңтүстік  те   қырғыз  һәм Хиуа,  Бұқар  хандығымен  де,  Патшалық  Ресеймен  де   қидаластық. Ұлт  болып  аман  қалу  үшін!  Ел  үшін,  жер  үшін,  қара қазан,  сар  баланың  қамы  үшін! Демек,  алдағы   өтетін парадқа  тек  танк,  бронды көліктер, ұшақтар  ғана қатыспай,  өткен  тарихымыздан  көрініс  беретіндей етіп,    сауыт-сайман киінген, алмас қылышын  беліне  байлаған,  шашақты  найза  қолға  ұстап,  бөрілі  байрақты   жоғары көтерген салт атты   жасақты  да  жүргізсе  жөн  болар еді.  Бұл  жауынгершілікпен  өткен  өмірімізге,   бабалар   тарихына  тағызым  болмақ!   Сөз  соңында айтарым, екі  жарым миллиард   теңге  көп ақша  емес.   Көрінген байшыкештің  қалтасында  жүр. Ал,  мемлекет  үшін  соқыр  тиын есепті.

Алдыңғы жазбаЖыл сайын 6-7 млрд. доллардан қағылудамыз!
Келесі жазбаЕлес қуған келіншек