Home Басты жазба «Жасыл  даму»  операторының  жұмысы  неге  құпия?

«Жасыл  даму»  операторының  жұмысы  неге  құпия?

70

Еліміздегі көлік өндірісі  қалай  дамып жатыр? Қазақстанда  жасалып,  сатылымға  шығарылған  көліктердің  бағасы  қалай? Қалтамыз  көтере  ме? Көліктің  сапасына  жұрт  риза ма?

Өкініштісі,  көліктің  бағасы қымбат әрі  сапасы   мәз емес екені әмбеге аян екені белгілі. Кеше  ғана  премьер  министр  Қазақстандағы  көлік  өндірісіне  жақсы баға  берді. Әлбетте,  Үкіметтің  берген бағасы  солай болғанмен,  халықтың  елімізде  өндіріліп  жатқан көліктерге  деген  өкпе-назы жетерлік. Айтқымыз  келгені утиль алым жөнінде. Кезінде утиль алымын  жинайтын  оператор РОП-тың  келеңсіз  тірліктері  жөнінде президент Қасым – Жомарт Тоқаевпен  жеке кездескен кезде айтып, РОП-тың  жұмысын  тоқтатуға  ат  салысқан едім. Содан кейін, РОП –тың басында  отырған біраз  шенеуніктер 13 млрд.  теңгені  жымқырды  деп ұсталып,  істі  болған. Артынша «Жасыл даму»  АҚ деген  оператор  құрылды.Бірақ  мұныңда бір  саусағы  ішке  бүгулі  екені анық. Авто жеткізушілер мен құрастырушылардан утиль алымы ретінде қанша ақша жиналды, ол қайда жұмсалды және көлік құрастыратын мекеменің әрқайсысы қанша пайда тапты деген  сауалға комерциялық  құпия  деген  желеумен ешуақытта  жауап  берген емес. Сонда түскен  қаржы  қайда жұмсалып  жатыр? Мәселен  2022 жылы утиль алымнан 259 млрд теңге түскен. Кейбір  деректерге назар аударсақ  соңғы  екі  жылда 447 миллиард  теңге  утиль алым жиналған. Бұл  орсасан зор  қаржы  қайда  кетіп  жатыр?  Бұл  жөнінде  Үкімет  те,  «Жасыл  даму»  операторыда  үндемейді. Көлік өндірісін  және экологиялық жобаларды  қаржыландыруға  қанша кетті?  Белгісіз. Егер   халық  алында есеп  бермейтін  болса, онда Үкіметтің  ашықтық  принципіне негізделген жаңа  басқару   мәдениетін  қалыптастырдық дегені қайда кеткен? Демек «Жасыл  даму»  операторының  утиль алымдарды  жинауда бір  шикілігі  бар  болып  тұр  ғой.

Азаматхан Әміртай «Байтақ»  жасылдап партиясының  төрағасы

Алдыңғы жазбаЖаңа теңгенің енгізілуі: Қазақстанда қандай банкноттар ауыстырылады?
Келесі жазбаАлаш  әскері  құрылған  күн-  мереке  болып саналуы  тиіс!