Home Жаңалықтар Жаңа теңгенің енгізілуі: Қазақстанда қандай банкноттар ауыстырылады?

Жаңа теңгенің енгізілуі: Қазақстанда қандай банкноттар ауыстырылады?

123

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда алдағы уақытта қандай номиналдағы банкноттар жаңартылады деген сұраққа жауап берді.

«Жақында «Сақ стилі» сериясынан 10 мыңдық купюра айналымға шықты, оның алдында 5 мыңдық болды. Келесі қандай банкнота кезекте?» – деп сұрады журналистер Сүлейменовтен Ұлттық банкте өткен брифингте.

«Қалғанының бәрі (…) Қателеспесем, ол купюралар бойынша емес қой, бірден бүкіл купюра желісі бойынша ауысады. Яғни, бес, он және қалғаны (олардан кейін – еск.) кетеді: екі мың, мың (теңге)», – деп жауап берді Сүлейменов.

Алдыңғы жазбаЕрмұрат Бапиға у бергені рас па?
Келесі жазба«Жасыл  даму»  операторының  жұмысы  неге  құпия?