Астана 2,6 млрд теңгенің шыршасын тігіп, бәрінің алдына түсіпті. Астана ғой енді. Одан кейінгілер одан асып түсе алмай, асып түсуге дәті жетпей, 50, 60 миллионға шырша құрыпты. Біздің көрсететін бар жетістігіміз сол ғана сияқты. Дебилизм ғой нағыз!
Сол шырша ары кетсе 2-3 күн тұрады, қызығы кетеді сосын. Миллиардтар мен миллиондарды желге шашқандай боламыз сөйтіп. Жаңа жылдың қарсаңында жарысып шарша құру – өткен заманды аңсау. Сәвет кезіндегі балалық шағын аңсайды, елкаға барған кезін сағынады, Аяз атаның қолынан подарка алған сәтттерді ұмыта алмайды. Содан осындай шабаш пайда болды. Оқушылар әлі елкаға барып қатысады, одан қалса балабақшада тұрады онысы. Бұл бір жағынан соның орнын басатын идеология жоқ деген сөз. Осы шыршаның айналасындағы абыр-сабыр басылмай, дені дұрыс идеология құрмаймыз біз ешқашан. Тыйым салу керек бұған. Экономикамен айналыссын, халықтың әл-ауқатын көтерсін, сол сыймай бара жатқан миллиондарды жетім-жесірлерге жұмсасын одан да, соларға арнап осындай акциясын өткізсін жаңа жыл қарсаңында.
Жолымбет Мәкіштің Фейсбуктағы парақшасынан