Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев 9 маусымда өтетін сайлауды ашық әрі әділ өткізудіқамтамасыз ететінін мәлімдеді. Бұл туралы олTwitter парақшасында жазды.
«Сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету –басты ұстанымым. Сайлаудың дәл осындайсипатта өтетініне кәміл сенемін» деп жаздыТоқаев Twitter парақшасында.
Қазақстан президентінің айтуынша, барлықмемлекеттік органдардың күш–жігері әділ сайлауүшін жұмылдырылады.
«Азаматтық қоғамның қатысуы – ашықсайлаудың кепілі. Сайлау – қақтығыс алаңы емес, тұғырнамалар бәсекесі. Ұлт бірлігі – бәріненқымбат» деп жазды Тоқаев.
Тоқаев 9 сәуірде кезектен тыс президентсайлауын жариялаған сәтте де сайлаудың әділөтетініне кепілдік беретінін айтқан. КейінҚазақстанның бұрынғы президенті НұрсұлтанНазарбаев басқаратын «Нұр Отан» Қасым–Жомарт Тоқаевты 9 маусымдағы сайлауғакандидат ретінде ұсынған.