Жалпы кез-келген мемлекеттің дамуы ғылыммен заманауи технологияға байлаулы. Яғни бір сөзбен айтқанда білімді, білікті мамандарға байланысты. Рас, елімізде білікті мамандар жоқ емес. Баршылық. Алайда олардың көбі мемлекет тарапынан жағдай жасалмағандықтан шет ел асып кетуге мәжбүр болуда. Неге?
Себеп көп, мәселен жалақының мардымсыздығы, баспананың жоқтығы, әр саланы жайлаған жемқорлық, еңбектің ақталмауы тб. Осының бәрі тек қарапайым жұмыс адамы емес, әр салада жүрген мықты ғалымдарымызғада кері әсер беріп, олардыңда елден үдере көшіне септігін тигізуде. Қазір қаншама білікті ғалымдарымыз Қазақстанның дамуына емес, барған мемлекетінің өркендеуіне қолқабыс тигізіп жатыр. Өкінішті, әрине. Қазіргі су тасқыны кезінде де елімзде су саласының мамандары, гидротехних иженерлер жетіспейтіні көзге бірден ұрып тұр. Қайтпек керек? Содан болар өткен аптада президент Қасым – Жомарт Тоқаев шет елде жүрген ғалымдарды елімізге қайтуға шықырды. Дұрыс. Өйткені мықты ғалымдардың келуі еліміздің дамуына тың серпін беретіні хақ. Сондай-ақ адами капиталдың сапасын айтарлықтай жақсартары анық. Мұны әлемдік тәжірибеден көруге болады. Өкінішке қарай, 30 жасқа дейінгі жастарымыздың 32 пайызы шет елге кеткісі келеді екен. Тіпті жыл сайын 8 мыңы шет ел асатын көрінеді. Әрине оның ішінде тек қара жұмысқа жегілуге бара жатқандары да бар. Сондай-ақ білімді мықты мамандарда жеткілікті. Әсіресе қазір елімізде өте қат техникалық сала өкілдері, экономистер, медицина қызметкерлеріінің кетуі өкінішті. Осы орайда президенттің шетте жүрген ғалымдарды елге қайтуға шақыруы, оларға қолдан келгенше жағдай жасалатынын айтуы көңілге өте қонымды. Демек, алдағы уақытта материалдық жағдайға қызыққандар сонда қалып, ал еліміздің шын патриоттары Қазақстанға қайтып, мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз. Мен бұған бек сенімдімін!
Азаматхан Әміртай «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы