Home Саясат Бектенов ұялы байланыс операторларының тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

Бектенов ұялы байланыс операторларының тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

41
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов 18 маусымда өткен Үкімет отырысында ұялы байланыс операторларының бағалық келісімі мен тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды.

Үкімет басшысы операторлар тарифтерінің құнын кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесі ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті. Ал кейін бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу жойылғанын еске салды.

«Бәсекелестік қана бас реттеуші болуға тиіс. Алайда, әзірге бұл байқалмай отыр – операторлардың барлығында бағалар шамамен бірдей», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Салық кодексінде операторларға радиожиілік спектріне 90% жеңілдік қарастырылғанын айтты. Үнемделген қаражат лицензиялық міндеттемелерге сәйкес операторлар байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуы керек.

«Сондықтан Министрлік монополияға қарсы органмен бірлесіп операторлардың өз міндеттемелерін толыққанды орындауын және бағалық сөзбайласу мен тарифтердің негізсіз артуына жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет».Олжас Бектенов

Бұған дейін, Қазақстанда арзан тарифті жаңа байланыс операторлары пайда болатынын хабарлаған болатынбыз.

Алдыңғы жазбаКәрім Мәсімовқа рақымшылық жасала ма?
Келесі жазбаАудан аты -Сарайшық