Home Жаңалықтар Таяу Шығыста АҚШ жеңіліске ұшырады

Таяу Шығыста АҚШ жеңіліске ұшырады

46

Осыдан   бір апта  бұрын   Түркия  Сыртқы  Істер  министрі «АҚШ  көп  ұзамай Сириядан  әскерін  шығара  бастайды»  деп  мәлімдеме  жасаған  еді. Дәл  сол  кезде  оған  біреу  сенді,  біреу  сенбеді. Дегенмен  кеше ресми  Ақ  үй  алдағы уақытта Сириядан  әскерлерін   шығаратынын  растады. Бұл  жөнінде  ел  президенті   Дональд Трамп Twitter-де «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін, «АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу болғанын» жазды. Ресми  дерекке  қарасақ, Сирия аумағында 2000 америкалық әскери бар  екен. Дегенмен АҚШ-тың  Сириядан  әскерін  шығаруы  қаншылықты  қисынға келетіні  белгісіз. Дәл  осындай  мәлімдемені  Дональд  Трамп былтырда  жасаған.  Бірақ  неге  екені  қайдам, айтылған  жай,  айтылған  күйі  қалған.  Керісінше   Сирия  жерінде  әрекет етіп  жүрген күрдтерді  жақтап,  сол маңдағы  одақтасы  һәм НАТО  бойынша   әріптесі Түркияға  қыр  көрсеткен.  Ресми  Анкара  Вашингтонның  бұл  әрекетіне  наразылық  танытқаны  белгілі. Жалпы АҚШ-тың   Сирия  жерінен  шегінуі  оның жалпы Таяу Шығыстағы жеңілісін  білдіреді. Демек  Ресейдің  көксегені  болды  деген  сөз.  Өйткені Мәскеу қалайда Сирия  президенті  Башар Асадты  қорғап  қалу  үшін,  сол  елдің  рұқсатымен   әскерін  енгізген. «Әні-міні құлайды»  деген  Башар  билігі Мәскеудің  көмегімен аман  қалды. Тек  аман  қалған  жоқ, ел территориясында  қанды  ойнақ  салған  «Ислам мемлекеті»  тобының  содырларында, Дамаскге  қарсы  өзге  топтарды  да  жеңді.  Сирия  жерінің  80  пайызын  қайтадан өз  бақылауына алды. Енді алдағы  уақытта  жағдай  қалай  болмақ? Бір  белгілі  жайт,  егерде  АҚШ  расында  Сириядағы  әскерін шығаратын  болса, Сириядағы    әскери-саяси   «ойын-өрнегі»  өзгеруі  мүмкін. Себеп белгілі. Анкара ежелден  Сирияның   Түркиямен  шекараласатын аймағын  өз  жері  деп  есептейді. Өйткені  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдары  Түркияға  тиселі  көптеген  аймақ Анкараның  ырқынсыз, өзге  елдерге  беріліп  кеткен. Ал бүгінгі  қуатты  Түркияның   арманы  сол  уыстан  шығып  кеткен жерлерді  қолдан келсе,  қайтадан  өздеріне қарату. Демек  алдағы  уақытта Түркия  Сирияның  біраз  жерін  бауырына  басып  қалуы  ықтимал.  Қазірдің  өзінде  Түркияның   біраз  әскери  бөлімдері   Сирия  жерінде  орныққан. Жақында  ғана  Ердоған шекараға әскерін  топтап,  тағыда  Сирия  жеріне жорық  жасауға бел  буды. Мақсат- Түркияға  қауіп-қатер  төндіретін лаңкестердің  қалған  ұяларын талқандау, күрдтерді  әрі  ысырып  тастау. Демек Сирияның тағы біраз   жері түріктердің  бақылауында  қалмақ. Бұған Дамаск  қалай  қарайды? Мәселе  сонда? Әрине  Ресейге   арқа  сүйеп Түркияға  қарсы соғыс аша  қоюы екіталай.  Қазір  Түркия  мен  Ресей  арасы  жақсы. Ортақ мүдделері  бар. Олай  болса,  Мәскеу  Дамаскні  қолдай  қоймайтыны  анық.  Десек  те, бәріне  уақыт  төреші. Алда  болар  жағыдайды,    уақыты  келгенде көре жатармыз. Ал  әзірге АҚШ-тың  Шам елінен  әскерін  шығаруы  қаншалықты ақиқат.  Әлде  бұл тағы бір саяси  түлкі  бұлаң ба? Тармптың   ойлағаны  не? Расында  Сириядан  АҚШ  әскерін  шығаратын  болса, Ресейдің һәм Башар  Асадтың  алдында  әлсіздік  танытқаны. Бұл Әлемге  қожалық  етуге  тырысып  отырған  мемлекет  үшін үлкен  жеңіліс. Бұған  Ақ  үй  келісе  ме?

Алдыңғы жазбаШерхан Мұртаза. Бір кем дүние
Келесі жазбаСооронбай Жээнбеков: «МЕЙЛІ, САТҚЫН ДЕЙ БЕРСІН!»